2025 жылы 25 маусымда Сарыкөл аудандық мәдениет үйінде қазақтың ұлы ғалымы, этнограф, ағартушы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шығыстың шоқ жұлдызы» атты облыстық ақындар айтысы өтті.
Ел руханиятын ұлықтауға арналған бұл жыр сайысына облысымыздың барлық аудан-қалаларынан 16 айтыскер ақын қатысып, өзара сөз қағыстырып, өнерлерін ортаға салды. Айтыс барысында қатысушылар Шоқан Уәлихановтың ұлт тарихындағы рөлі, ағартушылық мұрасы мен отансүйгіштігі тақырыбында терең толғап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Тартысты өткен айтыс нәтижесінде:
Бас жүлде – Батырлан Сағынтаев (Арқалық қаласы);
І орын – Шыңғыс Төлепберген (Сарыкөл ауданы);
ІІ орын – Медет Байзақов (Қостанай ауданы);
ІІІ орын – Салтанат Өтелбаева (Қостанай қаласы) және Айбар Рағатов (Арқалық қаласы);
Сарыкөл ауданы әкімінің арнайы жүлдесі – Байбатыр Ахметбек (Жангелдин ауданы);
Бүркіт Бекетов атындағы арнайы сыйлық – Ғалымгерей Кенжеғозин (Рудный қаласы);
Барлық айтыскерлерге ақшалай сыйлықтар табысталып, марапатталды.