«Күмбірле, қоңыр домбыра!»

«Күмбірле, қоңыр домбыра!»

2025 жылы 25 маусымда Сарыкөл ауданында «Күмбірле, қоңыр домбыра!» Ұлттық домбыра күніне арналған дәстүрлі облыстық күйшілер байқауы өтті.

Өнердің қайнар көзіне айналған бұл байқау – ұлт рухын жаңғыртып, күй өнерінің құдіретін насихаттауға бағытталған айтулы шара. Сахна төріне көтерілген үміткерлердің барлығы төл өнерімізді лайықты деңгейде танытып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Байқау қорытындысы бойынша:

Бірінші орын – Жарылқасынов Әлібек (Б. Майлин ауданы)

Екінші орын – Шакиров Ерлан (Арқалық қаласы)

Үшінші орын – Нұрланов Ақжол (Федоров ауданы) және Ниязұлы Қайсар (Сарыкөл ауданы). Сонымен қатар, ерекше орындаушылық шеберлік көрсеткен қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды: «Үздік шертпе күй орындаушысы» номинациясы бойынша арнайы сыйлық – Бейбітхан Арғынбекке (Федоров ауданы) табысталды. Сарыкөл ауданы әкімінің арнайы сыйлығы – Ғазезов Бекзатқа (Денисов ауданы) бұйырды.

Байқауға қатысқан барлық домбырашылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.