Мемориалдық тақталарды орнату ережелері

Мемориалдық тақталарды орнату ережелері

2025 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстанда ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттеріне мемориалдық тақталар орнату ережесіне өзгерістер енгізілді.

Сонымен, әр елді мекенде бір адамға немесе оқиғаға бір ғана ескерткіш тақта орнатуға болады.

Мемориалдық тақта орнату үшін  аса көрнекті тұлғаның өмір сүрген, қызмет жасаған немесе болған фактісін, және ғимарат немесе құрылыста айрықша оқиғаның 10 жылдан астам уақыт болған фактісін растау қажет.

Сондай-ақ, мемориалдық тақталарды қаһармандық пен ерлік танытқан, мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға айтарлықтай ерен үлес қосқан жағдайларды қоспағанда, аса көрнекті тұлғалар қайтыс болған және (немесе) маңызды тарихи оқиғалар орын алған күннен бастап 5 жыл өткен соң орнатуға болады.

Мемориалдық тақталарды орнату Үкімет қаулысымен айқындалған көрнекті тұлғалардың мерейтойлық және атаулы күндеріне, маңызды тарихи оқиғаларға орайластырылады.