Ақын, жазушы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Алаш мұрасының адал шырақшысы» ғылыми-практикалық конференциясы

Ақын, жазушы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Алаш мұрасының адал шырақшысы» ғылыми-практикалық конференциясы

2025  жылдың 10 маусымында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының қолдауымен Қостанай облыстық Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Алаш мұрасының адал шырақшысы» тақырыбындамқоғам қайраткері, ақын, жазушы, Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Шараға Қазақстан Республикасы жазушылар одағының Қостанай филиалының өкілдері мен мүшелері, шығармашылық зиялы қауым, Қостанай облысының көпшілік кітапханаларының кітапханашылары, сондай-ақ Алаш ғылыми-зерттеу институтының өкілдері (Астана қаласы), А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, М. Дулатұлы атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, С. Мәуленов атындағы гимназия, Рудный қаласының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі және Торғайдағы Жангелдин музейлер кешені қатысты.

Конференцияда қатысушылар алаш мұрасын сақтау мен насихаттаудың маңыздылығын атап өтіп, ұлы ақын әрі қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының мәдениет пен әдебиетті дамытудағы рөлін талқылады. Сонымен қатар, оның шығармашылығын  зерттеудің қазіргі заманғы әдістері мен бағыттары қарастырылды.

Бұл іс-шара – тәжірибе алмасу, жаңа идеяларды талқылау және түрлі сала мамандары арасында кәсіби байланыстар орнату үшін тамаша платформа болды. Конференция аясында ғылыми баяндамалар тыңдалып, «Халқын оятқан қаламгер» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Конференция соңында «Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Үздік әдістемелік құрал» кәсіби байқауының жеңімпаздары  марапатталды.