
2025 жылғы 30 мамырда Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік оқытушы – 2025» облыстық байқауы өтті. Байқау оқытушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру, кәсіби шеберлігін насихаттау мақсатында өткізілді.
Сайысқа облыстың қалалық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарынан 9 оқытушы қатысып, өздерінің әдістемелік тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар «Бейнесабақ», «Сұрақ-жауап» және «Жағдаяттық тапсырмалар» кезеңдерінде бақ сынады.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – Гүлжазира Жұмақанқызы Баймағамбетова (Арқалық қаласы).
Жеңімпаздар мен қатысушылар Қостанай облысы мәдениет басқармасы басшысының атынан дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!