🔹 2025 жылғы 30 мамырда Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік оқытушы – 2025» облыстық байқауы өтті. Байқау оқытушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру, кәсіби шеберлігін насихаттау мақсатында өткізілді.
🔹 Сайысқа облыстың қалалық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарынан 9 оқытушы қатысып, өздерінің әдістемелік тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар «Бейнесабақ», «Сұрақ-жауап» және «Жағдаяттық тапсырмалар» кезеңдерінде бақ сынады.
🔹 Байқау қорытындысы бойынша:
🏆 Бас жүлде – Гүлжазира Жұмақанқызы Баймағамбетова (Арқалық қаласы).
🥇 I орын – Нурсыйла Махсатовна Мейримханова (Рудный қаласы),
🥈 II орын – Нұрмұхамед Әмзеұлы Серікбаев (Лисаков қаласы),
🥉 III орын – Жанар Кумаровна Хаджиева (Ұзынкөл ауданы),
🔹 Жеңімпаздар мен қатысушылар Қостанай облысы мәдениет басқармасы басшысының атынан дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!