Меню

Страницы

Статья

Міржақып Дулатұлы кесенесі

Алаш көсемдерінің бірі, ХХ ғасырдың басында қазақ халқын отты өлеңімен оятып, өнер-білімге, еркіндікке үндеген Міржақып Дулатұлының туған жері – Торғай уезі Сарақопа болысының үшінші ауылы (қазіргі Қостанай облысының Жангелді ауданына қарасты  Қызбел ауылы).

Міржақып Дулатов – қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды сөз шебері. М. Дулатов өз өлеңдерінде патшаның отарлық саясатына ашық қарсы шығып, қара халыққа қысым көрсеткен заң бұзушылармен күресті. Ол үкіметтен қазақ жастары үшін мектеп ашып, қазақ тілінде газеттер мен журналдар шығаруды талап етті. Оның идеялары ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының шығармаларында одан ары дами түсті. Мәселен, «Оян, қазақ!» өлеңі қазақ жастарының ұранына айналды.

Міржақып Дулатұлы 1928 жылы желтоқсан айында қамауға алынып, екі жылдан кейін ату жазасына кесілді. Кейін сот үкімі он жыл абақты жазасымен  ауыстырылды. Беломор-Балтық арнасының құрылысы бойынды, Сосновец станциясындағы жазалау  лагерінде жазасын өтеген Міржақып Дулатұлы 1935 жылы осы лагерьде ауыр науқастан көз жұмады. Алашқа азаттық әперу жолында басын ажалға байлаған ақын айдауда жүріп өмірден өтті.

1989 жылы Міржақып Дулатовтың сүйегі Карелиядан табылып, қызы Гүлнар Дулатованың бастамасымен  міржақыптанушы  ғалым Марат Әбсеметов, белгілі кинорежиссер Қалила Омаров, танымал журналист Қайсар Әлім және өзге де адамдардың қатысуымен 1992 жылы Қазақстанға, туған жері Торғай даласына әкеліп жерлеген болатын.

Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының кесенесі мен мұражайының кірпіші Бидайық ауылына 1992 жылы қаланған, 2016 жылы Міржақып атындағы мұражай мен кесенені «Әділет» ЖШС қайта жаңартып, сыртын заманауи кірпіштермен көзге қанық етіп өргізген.

Мұражай екі қабатты. Жоғарғы қабатында Міржақып Дулатұлының замандастарымен, отбасымен түскен және өзінің естелік қабырға суреттері, түскиіздері мен тұтынған көне заттары бар. Ал бес жұлдыз – бабамыздың Соловецк лагеріндегі қабірінің басына қойған белгісі. Мұны ұрпақтары 1992 жылы арулап әкеліп, мұражайға ескерткіш ретінде тапсырған.

Мұражай мен кесененің арақашықтығы – 70-80 метр. Осы аралықты төсеніш тастармен жалғаған. Мемориалды мұражайда ақынның қызы Гүлнар тапсырған суреттер, жол сөмкесі, күміспен қапталған белбеу, т.б. бар.

Міржақыптың басына зиярат етушілер шетелдерден арнайы келіп жатады. Олар кесене маңындағы мұражайға соқпай кетпейді.

Дата публикации
05 января 2020
Дата обновления
05 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы