Меню

Страницы

Статья

Әбдіғаппар Жанбосынұлы кесенесі

Әбдіғаппар Жанбосынұлы (1870-1919) бұрынғы Торғай облысы Торғай уезі Қараторғай болысында өмір сүрген. Қазақ халқының 1916-1917 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының Торғай даласындағы басшысы.

Әбдіғаппар Жанбосынұлы – Тілеулі батырдың ұрпағы. Тілеулі батыр ХVІІІ ғасырдың орта кезінде Шақшақ Жәнібек, Есет тархандармен бірге жонғарларға қарсы шабуылдардың бәріне қатысқан. Ол өзі басқарған Торғай елін бүкіл қазақтың тәуелсіз мемлекеті құрылғанға дейін метрополияның билігін мойындамайтын, жаугершілік заманда уақытша өмір сүруге құқылы автономиялық аймақ деп санады. Ол 1916 жылғы оқиғаларға дейін жерлестерінің құрметіне бөленген, суармалы егін шаруашылығымен айналысып, өз ауылында мектеп ашқан. 1916 жылы 21 қарашада 13 болыстың тұрғындарының өкілдері құрылтай жиналысында Әбдіғаппар Жанбосынұлын хан сайлайды. Даладағы зор ықпалы  мен беделін пайдаланып 1916 жылы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде А. Имановтың туының астына мыңдаған әскердің бірігуіне ықпал етті. Әбдіғаппар көтерілісшілерді 20 адамнан тұратын халық өкілдерінің кеңесі арқылы басқарды. Әбдіғаппар Кеңестердің I съезіне (Орынбор, 1918 ж. наурыз) қатысып, кейін Кеңес өкіметінің саясатын жүргізуден бас тартты. Азаттық жолында атқа мінген Әбдіғаппар қызыл әскерлер қолынан Зәуре қопасында қаза тапты.

Әбдіғаппар ханның сүйегі Жаңақала ауылының маңына жерленген. Кесенесі Қостанай облысы, Амангелді ауданында тұр. 2010 жылдың жаз айында Әбдіғаппардың 130 жылдығына орай ұрпақтары өте көрікті ақ мәрмәр кесене орнатты. Әбдіғаппар ханның мүрдесі осы жерде қызыл тамның ішіне жерленген. Қазақ халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күрескен, сол жолда құрбан болған ардақты азамат Әбдіғаппар хан Жанбосынұлын халық құрмет тұтады.

Ол халқымыздың мақтанышы, ұлттық бірлігіміздің, елдік санамыздың рухани көсемі болып қала бермек.

Дата публикации
05 января 2020
Дата обновления
05 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы