Қостанай тұрғыны ақша табамын деп алаяқтардың құрбаны болды
8 наурыз қарсаңында ол OLX сайтында Ақтөбеден қызғалдақтарды 1 данасы үшін 200 теңге бағамен көтерме сату туралы хабарландыруды көрген.
Бағасы оны қызықтырып, ол көрсетілген нөмірге 600 мың теңге аударып жіберген. Кейінірек гүлдер дүкені жоқ екені белгілі болды, сондай-ақ, ақшаны алған адам телефонға жауап бермеген,
Қазір полиция алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Қостанай облысының ПД интернетте сақ болу қажеттігін еске салады: алдын ала төлемді аудармас бұрын тауардың бар екеніне көз жеткізіңіз.