Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы 4 маусымда бекітілді. Елтаңба, Ту, Әнұран – кез келген мемлекеттің болмысы мен егемендігін танытатын міндетті атрибуттары және бұл күн біздің тарихымызда және халқының жадында мәңгі сақталады.
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық байлығымыз, ел тарихына, мемлекеттік тілге, мәдениет пен салт-дәстүрге деген терең құрметтің қайнар көзі. Олар бізді Отан тағдырындағы ең маңызды сәттерде біріктіреді. Дүние жүзіндегі бізді айқындайтын – еліміздің Туы мен Елтаңбасы. Ресми халықаралық іс-шараларда Отанымыздың Әнұраны шырқалғанда немесе көк Туы көтерілгенде әрбір қазақстандық мақтаныш пен патриоттық сезімді сезінеді.
Мемлекеттік рәміздер Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясат негізге алатын құндылықтарды бейнелейді. Бұл – ашықтық, бейбітшілік, еркіндік, тәуелсіздік, келісім. Ортасында шаңырақ бейнеленген алтын күн, қалықтаған қыран сұлбасы мен Елтаңба еліміздің барша азаматтарына ортақ шаңырақтың нышанындай көк байрағы әлемге паш етті. жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасы.
Құрметті Кент тұрғындары! Осы мерекеде баршаңызға амандық, бақыт, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз! Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлденіп, еліміздің Мемлекеттік Туы биікте желбірей берсін! Еліміз Жаңа Қазақстанды құру жолында жаңа жеңістерге жететініне сенімдіміз!