Құрметті салық төлеушілер!

Құрметті салық төлеушілер!

Лисаков қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы келесі ақпаратты жолдайды.

 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап онда үш арнайы салық режимі (АСР) көзделген  жаңа Салық кодексі күшіне енді:

 

өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін;

жеңілдетілген декларация негізінде;

шаруа немесе фермер қожалықтары (ШФҚ) үшін.

Тиісінше, жекелеген арнайы салық режимдері – АСР  патент негізінде тіркелген шегерімді пайдалана отырып, бөлшек салық негізінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылды.

 

Жаңа Салық кодексі шеңберінде мұндай  хабарламаны  беру  2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолжетімді.

 

      Хабарламаны автоматты түрде беру жүзеге асырылды:

 

      1) «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» ақпараттық жүйесінің салық төлеушісінің кабинетінде «құжаттарды тапсыру» бөлімінде «қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама» қолжетімді, оны салық төлеушілер  өздерінің  ЭЦҚ  қол қою арқылы және «E-Salyq Business» мобильдік қосымшасы арқылы жібере алады;

 

     2) ірі банктердің  банктік қосымшаларында.

 

     Сондай ақ осындай хабарламаны қағаз жеткізгіште орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына беру мүмкіндігі ұсынылды.

 

Жоғарыда айтылғандарға байланысты ағымдағы жылы арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілер қызметті одан әрі жүзеге асыру үшін тиісті салық режимін таңдау туралы шешім қабылдауы керек.

 

Салық төлеушілерге салық салудың оңтайлы режимін таңдау туралы шешім қабылдауға және арнайы салық режиміне көшу үшін хабарламаларды уақтылы ұсынуға кеңес береміз.

 

Бұл тегіс ауысуды қамтамасыз етуге және салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне автоматты түрде ауысуды болдырмауға мүмкіндік береді.