2025 жылғы 28 мамырда сағат 11.00-де қалалық мәдениет және спорт орталығының үлкен залында Лисаков қаласының әкімі А. Ибраевтың қала тұрғындарымен кезектен тыс кездесуі өтеді.
Тыс кездесуге дайындық шеңберінде қала тұрғындарынан сұрақтарды қабылдау жүзеге асырылады. Сұрақтар мен ұсыныстар Лисаков қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы «Сұрақ-жауап» бөлімінде, 8 (71433) 3-38-90 телефондары бойынша, 8-777-138-30-95 WhatsApp нөміріндегі хабарламалар арқылы қабылданады. Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31, № 2 кабинет мекенжайы бойынша «кездесуге» деген белгімен жазбаша түрде жолдауға болады.
Сондай-ақ азаматтардың өтініштерін жинауға арналған жәшік кездесу өтетін жерде орналасады.