2024 жылғы 270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеттемелер мынадай тұлғаларда туындайды:
1. Мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар, оның ішінде квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары.
2. жеке практикамен айналысатын адамдар
3. шетелде мүлкі бар адамдар
4. дара кәсіпкердің табысын қоспағанда, дербес салық салынатын табыс алған тұлғалар
5. шетелдік банктерде 1000 АЕК-тен жоғары ақшасы бар тұлғалар (3 692 000 теңге)
270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы Декларация тұрғылықты жері бойынша есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей, яғни 2024 жылы тапсыру мерзімі 15.09.2025 жылға дейін ұсынылады. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны электрондық қызметтер арқылы беруге болады: салық төлеушінің кабинеті (cabinet.kgd.gov.kz), e-salyq azamat мобильді қосымшалары", Kaspi.kz, Halyk, "электрондық үкімет" порталы ( egov.kz).