Диалог алаңының қатысушылары: Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Казиев Ерлан Алтайұлы, Лисаков қалалық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Болат Мұрат Қанатұлы, Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығының эпидемиолог дәрігері Кунтуарова Зарина Валерьевна, қала мектептерінің оқушылары мен Лисаков техникалық колледжінің студенттері.
Шақырылған спикерлер қатарында Қостанай облысы ПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Ерадилова Айгуль Кабденовна және «Қостанай психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК кеңес-диагностикалық бөлімінің психологы Бисимбаева Гульсум Айтжановна болды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті: алдымен қатысушыларға есірткі қылмыстары бойынша статистикалық мәліметтер ұсынылды, кейін тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Бұдан соң мамандар құқық бұзушылықтарға қалай тартылып қалмау керектігі, есірткінің адам ағзасына зияны және жастардың есірткіге қалай тәуелді болып қалатыны туралы ақпарат берді. Соңында сұрақ-жауап сессиясы өтті: мектеп оқушылары белсенді түрде сұрақтар қойып, спикерлер нақты әрі мазмұнды жауаптар берді.