Бұл іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызмет институтын дәріптеу және мектеп түлектерінің патриоттық құндылықтары, көзқарастары мен сенімдерін дамыту болып табылады.
Түлектер үшін қала әкімдігі бойынша экскурсия, сондай-ақ «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерімен танысу өткізілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Мемлекеттік қызметке іріктеу интеграцияланған ақпараттық жүйенің «eqyzmet.gov.kz» сыртқы интернет-порталында жүргізіледі. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында конкурстарға қатысу үшін жүйеде тіркелу, ЭЦҚ арқылы бірыңғай авторизациялау құралы арқылы аутентификациядан өту қажет. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурс жариялау кезінде жүйедегі бос лауазым туралы хабарландыруға өтінім беру арқылы конкурсқа қатысуды растау қажет. Жаңа жүйеге сәйкес, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы алдын ала белгіленген уақытта өткізілетін әңгімелесуді қоспағанда, конкурсқа қашықтықтан «online» қатысуға, әлемнің кез келген жерінен барлық кезеңдерде тәулік бойы 24/7, кез келген ыңғайлы уақытта тестілеуден өтуге мүмкіндігі бар. Жаңа формат бойынша тестілеуді тапсыруды, жеке қасиеттерін бағалауды, кандидаттың мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауды және басшы лауазымдары үшін эссе жазуды, сондай-ақ алдыңғы кезеңдердің қорытындылары бойынша ТОП-3 кандидатқа ғана рұқсат етілетін соңғы әңгімелесуді қамтитын бірнеше кезең көзделген. Бұл ретте, «адами фактордың» әсерін қоспағанда, тестілеу рәсімдерін қоса алғанда, іріктеудің барлық кезеңдерінің ашықтығы прокторинг жүйесімен қамтамасыз етілетін болады.
Сонымен қатар, мектеп түлектері Лисаков қаласының әкімі Ибраев Абай Сәрсембайұлының және Лисаков қаласы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Шектыбаев Асан Мұратұлының қызметтік кабинетінде болды. Әңгімелесу барысында А.С. Ибраев және А.М. Шектыбаев қаланың басшылық лауазымдарындағы тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.