‼️‼️‼️Лисаков қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына! 2025 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды дайындау және алдын алу мақсатында жарылыс әдісімен мұзды қопсыту жері айқындалды.

‼️‼️‼️Лисаков қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!  2025 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды дайындау және алдын алу мақсатында жарылыс әдісімен мұзды қопсыту жері айқындалды.

2025 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды дайындау және алдын алу мақсатында жарылыс әдісімен мұзды қопсыту жері айқындалды.

* Қызылжар су қоймасының жанында жұмыстар жүргізілетін болады.

* Өтетін күні: 2025 жылғы 17 наурыз.

③ Халық үшін маңызды ақпарат:

* Жарылыс жұмыстары мұз кептелістерін жоюға және еріген сулардың кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.

* Көрсетілген күні өзенге жақын жерлерде қатты дыбыстар мен тербелістер болуы мүмкін.

* Жұмыс жүргізу кезінде жарылыс болған жерге жақындауға, мұзға шығуға және қауіпті аймақта болуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

* Жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарына үй жануарларын жабық жерде ұстауға және өзеннің жанында болмауға кеңес беріледі.

Балықшылар назар аударыңыздар! Көрсетілген күні су қоймасында болуға тыйым салынады, өйткені бұл өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін!

✓ Барлық жұмыстар барлық қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, мамандардың бақылауымен жүргізіледі.

▲ Түсіністікпен қарауды және сақтық шараларын сақтауды сұраймыз!

Лисаков қ. ТЖБ құрметімен