Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасы, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау, егер бұл іс-әрекеттер жария немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, сол сияқты әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындау немесе тарату.
Алауыздықты қоздыру алдын ала болжауға болмайтын салдарға, халықтың әртүрлі топтары арасындағы қақтығыстар мен қайшылықтарға, экстремистік және террористік топтардың пайда болуына, олардың одан әрі билікті кез келген тәсілмен, соның ішінде зорлық-зомбылықпен басып алуға ұмтылуына әкелуі мүмкін.
Егер сіз заңның бұзылғанына куә болсаңыз, полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.
Басқа адамдардың сезімдерін құрметтеңіз, бейбітшілік пен келісімде өмір сүріңіз.
ҚР ҚК-нің 174-бабына сәйкес бұл әрекеттер екі мыңнан жеті мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.