Аукцион 22.12.2023

Аукцион 22.12.2023

         Қала әкімдігі 3 лот санында 6 жыл мерзімге жер учаскелеріне жалдау құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды.

         Электрондық аукцион 2023 жылғы 22 желтоқсанда сағат 10.00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында бағаны көтеру әдісімен өтеді.

         Аукционға қатысуға өтінімдер беру «Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

 

        

Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып, аукционға мынадай сату объектілері қойылады:

 

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің алаңы (гектар)

Сату нысаны  (құқық түрі)

Жер учаскесінің ауыртпалығы

Бастапқы баға (теңге)

Кепілдік жарна сомасы (теңге)

Жалдау ақысы

(теңге)

1

Жеңіл салынатын конструкциялардан автокөлік жууды уақытша орналастыру үшін

 

Лисаков қаласы,

Октябрь кенті, Омаров көшесі

 

0,0250

6 жыл мерзімге жалдау құқығы

Ауыртпалық немесе тыйым салу жоқ

 

16284

 

172500

 

312

2

 

Сауда павильонын уақытша орналастыру үшін

 

Лисаков қаласы, Верхнетобольская көшесі

 

0,0080

6 жыл мерзімге жалдау құқығы

Ауыртпалық немесе тыйым салу жоқ

 

15502

 

172500

 

512

3

Кофехананы уақытша орналастыру үшін

 

 

Лисаков қаласы, 3-шағын аудан

 

0,0150

6 жыл мерзімге жалдау құқығы

Ауыртпалық немесе тыйым салу жоқ

 

41524

 

172500

 

1199

 

Анықтама үшін телефон: 3-32-34.