Түсіндіру іс-шаралары аясында «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметінің бас маманы М.Н. Терентьева банк қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында қызметкерлерге Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеудің ерекшеліктеріне қатысты ақпараттық брошюралар таратылды, қатысу үшін өтінімдер беру бойынша нақты түсініктемелер, сондай-ақ мемлекеттік тілді білуге сертификаттар алу тәртібі берілді.