Лисаков қаласының әкімі А.Ибраевтың Октябрь кентінің тұрғындарымен кездесуі.

Лисаков қаласының әкімі А.Ибраевтың Октябрь кентінің тұрғындарымен кездесуі.

2023 жылғы 20 қыркүйекте Лисаков қаласының әкімі А. Ибраев Октябрь кентінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу Октябрь жалпы білім беретін мектебінің ғимаратында өтті. Тікелей эфир қала әкімдігінің Instagram дағы ресми парақшасында көрсетілді.                                                                                    

Қала әкімі ағымдағы жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Қала мен Октябрь кентінің дамуына қатысты маңызды сәттерге тоқталды.                                                                                                           

Тұрғындар қойған сұрақтар бақылауға алынды. Олар ауылды сумен және газбен жабдықтауға, қураған ағаштарды кесуге, орталықтан жылытуға қатысты болды. Аталған мәселелер бойынша кент әкіміне тиісті тапсырмалар берілді.