Ашық есік күні

Ашық есік күні

2023 жылғы 19 мамырда «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Ашық есік күні» акциясы өткізілді, оған қала мектептерінің 11 сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында әкім аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Н.Н. Ким ғимаратқа экскурсия жүргізіп, мемлекеттік органның құрылымы, қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді.
Сондай-ақ, балаларға қала әкімдігінің фронт-офисінің, Бірыңғай диспетчерлік қызметтің (109-қызмет) жұмысымен танысуға мүмкіндік берілді. Таныстыру экскурсиясы барысында мемлекеттік органның қызметіндегі транспаренттілік, халықтың билікпен кедергісіз өзара іс-қимылы, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесіне көп көңіл бөлінді.