«Менің мамандығым мемлекеттік қызметші» жобасы

«Менің мамандығым мемлекеттік қызметші» жобасы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бастамасымен, Мемлекеттік қызмет институтын насихаттау, оның тартымдылығы мен имиджін арттыру, орта мектеп оқушылары арасында патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді дамыту мақсатында «Менің мамандығым мемлекеттік қызметші» жобасы аясында ағымдағы жылдың 19 мамырында мектеп - лицейдің түлектері мен № 6 жалпы білім беретін мектептің оқушылары Лисаков қаласының әкімі А.С. Ибраевпен кездесті.
Абай Сәрсембайұлы қала әкімі лауазымындағы жұмысы, оның алдында тұрған міндеттері, қала әкімдігі шешетін өзекті мәселелер мен проблемалар туралы айтып берді.
Қызықты әңгімелер айтылды, кездесу барысында балалар қала өмірінің барлық салаларына қатысты сұрақтар қойып, шешуді талап ететін мәселелерді айтты.