«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ ІРІ ҚАЛАЛАРЫНДА ЖОСПАРЛАНУДА

«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ ІРІ ҚАЛАЛАРЫНДА ЖОСПАРЛАНУДА

«26 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 17: 00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады».

Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң жөнінен көмек көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады.

Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және т. б. бар.

Акцияны ұйымдастырушылар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

«Халық заңгері» жыл сайнғы дәстүрлі іс-шаралардың қатарында және қарапайым қазақстандықтар үшін маңызды шараға айналды. 2016-2022 жылдар аралығында бұл бастамаға 7000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың, шешім қабылдай алатын құзіретке ие, өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 150 000-нан астам азамат кеңес алды.

Қостанай облысында аталған іс-шара Тәуелсіздік, 118 А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің корпусы (Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ғимараты) мекенжайы бойынша өтеді.