«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында Қостанай облысының психологтар қауымдастығының психологтары Лисаков қаласында бірқатар іс-шаралар өткізді.

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында  Қостанай облысының психологтар қауымдастығының психологтары Лисаков қаласында бірқатар іс-шаралар өткізді.

1 желтоқсанда Лисаковский техникалық колледжінде «Отбасы – ең маңызды» атты кездесу өтті. Қауымдастық төрағасы Юлия Калюжная жақында Лисаков қаласында зорлық-зомбылық көрген әйелдер мен балаларға арналған отбасын қолдау орталығы туралы айтты. Қатысушылармен бірлесе отырып, соңғы жүз жылда отбасы әлеуметтік институт ретінде қандай өзгерістерге ұшырағанын және қазіргі жастардың қазіргі отбасы қандай болуы керек, неліктен ажырасулар мен  азаматтық неке өмір сүргісі келетіндер көп екендігі туралы не ойлайтынын талқылады.

Психолог Әмина Махмұтова тренинг жаттығуларында отбасының негізі өзара сыйластық, үнемі қарым-қатынаста болатынын, отбасылық қиындықтарды диалог, пікір алмасу, бір-біріне қолдау көрсету арқылы жеңу керектігін көрсетті. Түсінікті мысалдар арқылы түсініспеушіліктің себебін қалай табуға болатынын, жанұядағы эмоционалдық ішкі байланыстарды үйлестіру және отбасылық қарым-қатынас мәдениетін арттыру жолдарын түсіндірді. Бейнефильмдерді көргеннен кейін оқушылар көргендерін талқылап, отбасылық тәжірибелерімен бөлісті.

Одан кейін қазір отбасын қолдау орталығында аналарымен бірге жатқан балалармен арт-терапия бойынша тренинг өтті. Балалар «Өз көңіл-күйіңнің суретшісі бол» жаттығуында бояулармен және фломастермен көңіл-күйлерін бейнеледі.

Іс-шараны «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша Қостанай облысының психологтар қауымдастығы ұйымдастырды.