«Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясы

«Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясы

Құрметті Лисаков қаласының тұрғындары!

Республика күніне орай әлеуметтік желілерде «Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясын жариялаймыз.

Акция үш бағыт бойынша жүргізіледі:
- Республика күніне арналған патриоттық өлеңдер жариялау,
- көркем суреттер байқауы
- ерекше видео құттықтаулар жазу.

Патриоттық өлеңдер мен видео құттықтаулар және көркем суреттер Tik Tok немесе Instagram-дағы жеке аккаунттарда #қыранелімҚазақстаным! хештегімен жүктелуі қажет.

Әр бағыт бойынша ең көп лайк жинаған 2 қатысушы жеңімпаз атанады.

Қорытынды мен жеңімпаздар 20 қазан күні сағат 16.00-де жарияланады.