ЖСН алу мен азаматтық алудың айырмашылығы неде?

ЖСН алу мен азаматтық алудың айырмашылығы неде?

Бізге ЖСН алу мен азаматтық алудың айырмашылығы қандай деген сұрақ жиі қойылады. Жеке
сәйкестендіру нөмірі - ҚР азаматтарына туған кезде берілетін 12 цифрдан тұратын бірегей сандар
комбинациясы.
Шетелдік азаматтар ЖСН алу үшін ХҚО-ға жүгіне алады. Бұл ретте кез келген шет мемлекет азаматы
ЖСН-ді кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін және қаржылық операцияларды орындау үшін ала алады.
ЖСН алу мен азаматтық алу - екеуі екі бөлек нәрсе.
Қазақстан Республикасы азаматтығын ҚР аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұратын адамдар; елде кемінде
үш жыл тұратын ҚР азаматымен некеге тұрған адамдар; сондай-ақ, Қазақстан аумағында тұратын жақын
туыстары бар адамдар ала алады.
Айта кетейік, жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан аумағында тұрақты тұратын қандастар, Қазақстанның
жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар.