Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінен

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінен

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке әлеуметтік қолдаудың белсенді форматына көшуді тапсырды.
Мемлекет басшысы ол туралы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтты.
«Халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету өте маңызды. Үкімет әлеуметтік қолдаудың барынша атаулы форматына көшуі қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Отбасының әлеуметтік картасы ақыр соңында шындыққа айналуы үшін ақылға қонымды болуы керек. Жобаның бастапқы тұжырымдамасы оны әзірлеуге бірнеше ведомстволардың қатысуына байланысты бірнеше рет өзгерді», - деп қосты Президент.
Осыған байланысты Президент Үкіметке жыл соңына дейін Отбасының цифрлық картасын іске қосуды, сондай-ақ әлеуметтік әмиянды енгізуді тапсырды.