Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінен

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінен

Үкімет пен Ұлттық банктің негізгі міндеттері инфляцияны тұрақтандыру және азаматтардың табысын арттыру болуы тиіс. Бұл туралы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
«Халықаралық институттар әлемдік экономика қарқынының баяулауын болжап отыр. Тиісінше, инфляция жаппай өсуі мүмкін. Біз ұзаққа созылған өңірлік дағдарысты байқап отырмыз. Бұл жағдай жаһандық дағдарысқа алып келеді деген қауіп те бар», - деді Мемлекет басшысы.
Президент сондай-ақ елдің одан әрі тұрақты дамуын атап өтті.
«Күрделі геосаяси сын-қатерлерге қарамастан, ел тұрақты деңгейде дамып келеді. Мұны біз жарты жылдық нәтижеден көреміз. Экономика 3,4% - ға, ал нақты сектор 4,1% - ға өсті. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібінде айтарлықтай ілгерілеу байқалады», - деді Мемлекет басшысы.