Құрметті тыл еңбеккерлері, еңбек ардагерлері, лисаковтықтар!

Құрметті тыл еңбеккерлері, еңбек ардагерлері, лисаковтықтар!

Құрметті тыл еңбеккерлері, еңбек ардагерлері, лисаковтықтар!

 

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Жеңіс күні барлығымыз үшін қасиетті мереке, бұл әлемді фашистік нацизмнен құтқарған ата-бабаларымыздың ұлы ерлігінің символы.

Жеңіс күнін тойлай отырып, біз Ұлы Отан соғысындағы өшпес халық ерлігіне құрмет көрсетеміз. Адамзат тарихындағы ең қорқынышты соғыстың жеңісті аяқталуын ұрпақтар жадында сақтау біздің парызымыз. Кеңес халқының теңдессіз ерлігі мен батылдығын насихаттау, фашизмді жеңудегі қазақстандықтардың қосқан зор үлесін бағалау керек.

 

Қымбатты лисаковтықтар!

 

Біздің көпшілігіміз үшін соғыстағы Жеңіс - бұл өткен күндердің оқиғасы. Жеңіске қатысымыз болмаса да, соғысқа деген көзқарасымыз бар. Соғысты басынан өткермеген отбасы жоқ, біреу туыстарын жоғалтса, біреу тылда тынымсыз жұмыс істеді.

Жеңіс - Кеңес халқының ерлігі мен батырлығының үлгісі болды, әр түрлі ұлт өкілдері бір-біріне ортақ Жеңісті бірге жасады. Біз, бейбіт уақытта өскен ұрпақ, әлемнің қаншалықты нәзік екенін және соғыстың салдары қаншалықты қорқынышты екенін әрдайым есте ұстауымыз керек.

Біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Кеңес Одағы халықтарының мызғымас достығының арқасында мүмкін болғанын ұмытуға болмайды.

Біз, қазақстандықтар, осыны есімізде сақтап, халқымыздың бірлігі мен тұтастығын аялап сақтаймыз. Бұл баға жетпес тәжірибе және аталарымыздың тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап тұтастық күші туралы келісімі  мемлекетіміздің саясатының негізі болып табылады!

Қазақстанның аспаны әрқашан ашық болсын! Сіздерге денсаулық, амандық және ертеңгі күнге деген сенімділік тілейміз!

 

 

Лисаков қаласының әкімі

А. Ибраев

 

Лисаков қалалық

мәслихатының хатшысы

С.Шалдыбаева