«2022 жылғы 5 маусымда Республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 888 Жарлығына сәйкес Лисаков қаласының сайлаушылары үшін Call-орталық ашылды.
Референдумды өткізуге, тізімнен шығаруға және алып тастауға, сондай-ақ сайлаушылар тізіміндегі өз деректеріңізді нақтылауға байланысты барлық қызықтыратын мәселелер бойынша, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейтін 3-84-11, 3-38-90 Call-орталығының телефондарына хабарласа аласыз.