Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде шағын бизнесті қолдау құралдарының бірі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген, «Кәсіпкерлердің өсуін акселерациялау» бағыты) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 5 млн.теңгеге дейінгі сомада гранттық қаржыландыру болып табылады.

Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде беріледі.

2022 жылғы 11 мамырдан бастап 20 мамыр аралығындағы кезеңде Qoldau.kzсубсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылымемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлерден өтінімдер қабылдау жүзеге асырылатын болады.

Толық ақпарат алу үшін «Лисаков қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ4-04-28 телефоны бойынша хабарласыңыз, мекенжайы-Мир к-сі, 31, 12 кабинет.