Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 25 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 106 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0, 26 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қ. - 43, Рудный қ. – 13, Лисаков қ. – 10, Қостанай ауданы – 7, Жітіқара қ. – 6, Әулиекөл және Қамысты аудандарында – 5, Амангелді, Қарасу, Мендықара, Федоров және Б.Майлин аудандарында – 3, Алтынсарин ауданы – 2.

99 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 6 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді. 

Індет жұқтырғандардың ішінде 104 адамда ауру белгілері болды, 2 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 25 қараша аралығында COVID-19-дың 39 539 жағдайы тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 37 594.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 338 549 адам, екінші компонентпен 316 673 адам вакцинацияланды.