Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 24 қазанда Қостанай облысында COVID-19-дың 112 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0, 31 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 36, Қостанай ауданы – 13, Жітіқара қ. – 11, Рудный және Лисаков қалаларында – 10, Б.Майлин және Қарабалық аудандарында – 6, Мендықара ауданы – 5, Әулиекөл, Денисов және Қарасу аудандарында – 4, Қамысты ауданы – 3.
104 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 8 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған. Індет жұқтырғандардың ішінде 108 адамда ауру белгілері болды, 4 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 24 қазан аралығында COVID-19-дың 36 013 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 32 271.
Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 326 216 адам, екінші компонентпен 302 604 адам вакцинацияланды.