Электрондық аукцион 2021 жылдың 12 қарашада сағат 10.00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында бағаны көтеру әдісімен өтеді

Электрондық аукцион 2021 жылдың 12 қарашада сағат 10.00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында  бағаны көтеру әдісімен өтеді

Қала әкімдігі 6 жыл мерзімге жер учаскелеріне жалдау құқығын сату бойынша 3 лот мөлшерінде электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.

         Электрондық аукцион 2021 жылдың 12 қарашада сағат 10.00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында  бағаны көтеру әдісімен өтеді.

         Аукционға қатысуға өтінімдер беру «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына және «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

         Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу тізілімнің веб-порталында аукцион өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, ол аяқталғаннан кейін қатысушылар берілген өтінімді кері қайтарып ала алмайды.

         Аукционға қатысу үшін:

         1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

         2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

         3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

         4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.

         Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

         Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

         Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына рұқсат беріледі.

         Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сату объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша басталады.

         Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы мен жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні тізілімнің веб-порталында қол қояды.

         Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісінің сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады.

         Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦК пайдалана отырып, сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.

         Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі:

         Төлемді алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ БСН: 050540004455; ТБК: 171; БеК: 16.

         Есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX.

         Жеңiмпазға ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды.

         Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар аукционға қатысушы бірыңғай операторға тізілімнің веб-порталында қатысушының қол қойылған ЭЦҚ арқылы, өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.

 

 

Аукционға бағаны көтеру әдісін қолдана отырып, келесі сату объектілері  қойылады:

 

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы  (гектар)

Сату объектісі (құқық түрі)

Жер учаскесіне ауыртпашылықтар

Бастапқы баға (теңге)

Кепілдік жарнаныңсомасы (теңге)

Жалдау ақысы

(теңге)

1

Деректерді өңдеу орталығын уақытша орналастыру үшін

Лисаков қаласы, Промышленная көшесі

0,2800

 

6 жыл мерзімге жалдау құқығы

 

Ауыртпалық немесе тыйым салу жоқ

775 118

145 850

22 386

2

Деректерді өңдеу орталығын уақытша орналастыру үшін

Лисаков қаласы, 3 өнеркәсіптік аймақ

0,4900

 

6 жыл мерзімге жалдау құқығы

 

Ауыртпалық немесе тыйым салу жоқ

1 288 634

145 850

36 564

3

Деректерді өңдеу орталығын уақытша орналастыру үшін

Лисаков қаласы, Верхнетобольский көшесі

0,3250

 

6 жыл мерзімге жалдау құқығы

 

Ауыртпалық немесе тыйым салу жоқ

854 706

145 850

24 252

 

Анықтама алу үшін телефон: 3-32-34.