Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 20 қыркүйекте Қостанай облысында COVID-19-дың 107 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0, 3 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қ. - 37, Рудный қ. -  16, Қостанай ауданы – 10, Лисаков қаласы, Әулиекөл және Қарабалық аудандарында – 8, Денисов ауданы – 7, Б.Майлин ауданы – 5, Мендықара ауданы – 4, Федоров ауданы – 3, Науырзым ауданы – 1.

92 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 12 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 3 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.

Індет жұқтырғандардың ішінде 99 адамда ауру белгілері болды, 8 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 20 қыркүйек аралығында COVID-19-дың 32 392 жағдайы тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 28 209.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 313 920 адам, екінші компонентпен 276 912 адам вакцинацияланды.