Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 21 қыркүйекте Қостанай облысында COVID-19-дың 102 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0, 3 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қ. - 37, Рудный және Жітіқара қалаларында -  10, Б.Майлин ауданы – 8, Лисаков қаласы, Әулиекөл және Федоров аудандарында – 6, Қостанай және Қарабалық аудандарында – 5, Денисов ауданы – 4, Ұзынкөл ауданы – 3, Алтынсарин және Қарасу аудандарында – 2.

90 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 12 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған.

Індет жұқтырғандардың ішінде 99 адамда ауру белгілері болды, 3 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 21 қыркүйек аралығында COVID-19-дың 32 494 жағдайы тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 28 340.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 314 535 адам, екінші компонентпен 278 347 адам вакцинацияланды.