Облыс әкімі жұмыс сапарымен Лисаков қаласына келді

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Лисаков қаласына келді

19 Қыркүйекте  Лисаковскіге жаңа жылу беру маусымына дайындық бойынша жұмыс сапарымен Қостанай облысының әкімі А .Б. Мұхамбетов келді. Алдымен ол мәдениет үйіне барып, Октябрь кентінің блок-модульдік қазандығын көрді, онда жылу желілеріне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұдан әрі облыс басшысы "Өркен" ЖШС Лисаков филиалының, "Лисаковқалакоммунэнерго" ӨШБ" МКК жылу орталығының, Лисаков қ. полиция бөлімінің фронт-кеңсесінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, облыс әкімі қалалық ауруханада болды, онда 650 мың еуро сомасына Siemens компаниясы, Дүниежүзілік банк және Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы үш жақты меморандум аясында сатып алынған компьютерлік томография кабинетін ашуға дайындық жүріп жатыр. Сапар соңында облыс басшысы теннис орталығына барды.