Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 15 қыркүйекте Қостанай облысында COVID-19-дың 142 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0, 4 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қ. - 62, Рудный қ. -  14, Қостанай ауданы – 10, Лисаков, Жітіқара қалалары, Сарыкөл және Б.Майлин аудандарында 7 – ден, Әулиекөл және Денисов аудандарында– 6, Арқалық қ. – 5, Алтынсарин және Қарасу аудандарында – 3, Амангелді және Ұзынкөл аудандарында 2 – ден, Мендықара ауданы – 1.

131 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 11 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған.

Індет жұқтырғандардың ішінде 132 адамда ауру белгілері болды, 10 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 15 қыркүйек аралығында COVID-19-дың 31 775 жағдайы тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 27 691.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 311 470 адам, екінші компонентпен 271 583 адам вакцинацияланды.