2021 жылғы 11 қыркүйекте Қостанай облысында COVID-19-дың 170 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,5 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. – 66, Рудный қ. - 36, Әулиекөл, Қостанай және Қарабалық аудандарында-10, Денисов және Б.Майлина аудандарында-7, Қарасу ауданы-6, Лисаковск қ. және Федоров аудандарында-5, Арқалық қ. және Сарыкөл ауданда-3, Меңдіқара ауданы-2 жағдай.
154 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 15 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 157 адамда ауру белгілері болды, 13 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 11 қыркүйек аралығында COVID-19-дың 31 171 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 27 142 .
Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 308 616,екінші компонентпен 265 805 адам вакцинацияланды.