Президенттік жастар кадр резерві

Президенттік жастар кадр резерві

Мақсаты

Қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Қазақстан Республикасының 35 жастан аспаған азаматтары

Жалпы еңбек өтілі – кемінде 5 жыл

Жоғары білімінің болуы

Орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде мемлекеттік тілді білу

Президенттік резервте болу мерзімі - 3 жыл

- Резервке алынған адамдар Президент жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда конкурс бойынша саяси лауазымдарға, «А» корпусының лауазымдарына, «Б» корпусының басшы лауазымдарына және «Б» корпусының А санаты тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін

- Президент тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервіндегі адамдар Резервке іріктеуге қатысуға жіберілмейді.