ҚҰРМЕТТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

ҚҰРМЕТТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

Кәсіби мерекелеріңіз - медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Сіздің жұмысыңыз өте жауапты және терең құрметке лайық. Сізге ең қымбат нәрсе - адам денсаулығы және адамдардың өмірін сақтау сеніп тапсырылған. Сіз адамдарға денсаулықты ғана емес, өміршеңдікті, өзіне деген сенімділікті табуға көмектесесіз. Әр адам үшін ақ халатты адамдар өмір бойы үміт пен мейірімділіктің символы болып қала береді.

Бүгін Лисаков қ.Денсаулық сақтау жүйесінің ардагерлеріне, дәрігерлерге, медбикелерге, кіші персоналға - осы маңызды салада еңбек еткендердің барлығына үлкен алғысымызды және ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Медицина саласындағы барлық қызметкерлердің еңбегі тығыз байланысты және барлық медицина қызметкерлерінің жұмыла атқарған жұмысы медициналық қызмет көрсетудің жалпы деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Құрметті медицина қызметкерлері, сіздерге қайырымдылықтың және мейірімділіктің, кәсіби даналық пен шығармашылық бастаманың тірі бұлағының кеуіп кетпеуін шын жүректен тілейміз! Мықты денсаулық пен оптимизм, отбасыларыңызға бейбітшілік пен амандық тілеймін.

 

Лисаков қаласының әкімі            А. С. Ибраев

Мәслихат хатшысы                         С. К. Шалдыбаева