Құрметті ардагерлер және тыл еңбеккерлері, құрметті қала тұрғындары!

Құрметті ардагерлер және тыл еңбеккерлері, құрметті қала тұрғындары!

Сіздерді ерлік пен батырлық мерекесі – Жеңіс күнімен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік пен бостандық әр мемлекетке беріле бермейді. Біздің ата-бабаларымыз батырлар ғасырлар бойы тәуелсіздігімізді қорғап, өз өмірлерін құрбан етіп, бостандық үшін қанын төкті. Бұл күресте Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлер мен тыл еңбеккерлері ерекше рөл атқарды. Біз халықтың ұлы, құрбандыққа шалған ерлігіне, майданда және тылда иық тірескен түрлі ұлт өкілдеріне шексіз құрмет көрсетеміз.
Қазақстандықтар елді кеудемен жауып, әлемді фашизмнен құтқарған аға буынның ерлігін ешқашан ұмытпайды. Өкінішке орай, жыл сайын ардагерлердің саны азайып келеді. Біздің бүгінгі парызымыз-олардың есімдерін мәңгі есте қалдыру және кеңес халқының батылдығы мен адалдығы туралы шындықты сақтау.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлеріне бейбіт аспан үшін тағзым етеміз. Сіздердің өз халқына және Отанына деген жанқиярлық ерліктеріңіз бен батырлықтарыңыз, кіршіксіз махаббат және адалдықтарыңыз барлық ұрпақ үшін үлгі болады.

Құрметті ардагерлер!
Сіздерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр, бейбітшілік пен амандық, жақындарыңызға жылулық пен қамқорлық тілейміз!

Лисаков                                                                         Лисаков қалалық
қаласының әкімі                                                        мәслихатының хатшысы
А. Ибраев                                                                      С. Шалдыбаева