Құрметті қала тұрғындары!

Құрметті қала тұрғындары!

Құрметті Отан қорғаушылар! Сіздерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Әрбір Тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты – ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау. Сондықтан да бұл күн – Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, айбынды әскеріміздің атағын асқақтатқан, мемлекетіміздің қуатын айғақтайтын күн. Бүгінде Қазақстан армиясының жаңа келбеті, отаншыл рухы қалыптасты. Қарулы Күштер мемлекетіміздің тұрақты кепіліне айналды. Қазақстанның Қарулы Күштері еліміздің еңсесін тіктеп, еркіндігімізді кеңейтті. Уақыт талабына сай әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан-жылға нығайып келеді. Сарбаздарымыз қашанда құрмет пен ілтипатқа лайық. Бар ғұмырын Отанын қорғауға арнап, қызметін мінсіз атқарып келе жатқан әскери қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз. Еліміздің тыныштығын сақтау жолындағы жауапты қызметтеріңізге қайсарлық, қажымас денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!