Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету – ҚР АШМ ВБ және ҚК Лисаков қалалық аумақтық инспекциясының жұмысының маңызды бағыты

Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету –  ҚР АШМ ВБ және ҚК Лисаков қалалық аумақтық инспекциясының жұмысының маңызды бағыты

 

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасы болып табылады. Сондықтан мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың, соңдай-ақ азаматтардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.

Бірыңғай стандарттар мен регламенттер арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетудің ашық және тиімді процесін ұйымдастыру көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызмет беруші арасындағы қарым-қатынастардың үйлесімділігін айқындайды ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде лауазымды тұлғалардың субъективті тәсілін жоққа шығарады, бұл мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлық дәрежесін азайтуға әкеп соғады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы аумақтық инспекция қызметінің тиімділігін бағалау бағыттарының бірі болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету – қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі.

Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қол жеткізу Мемлекет Басшысының біздің алдымызға қойған негізгі мендеттерінің бірі болып табылады.

Мелекеттік қызметтерді ұсынудағы инспекцияның негізгі қағидаттарды – бұл қандай да бір кемсітушіліксіз мемлекеттік қызметтерді алу, мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін үнемі жетілдіру және олардың сапасын арттыру, мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі қызметтің ашықтағы, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді алуға жүгіну мүмкіндігі.

«Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру», «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру», «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру», «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» және «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» бойынша мемлекеттік қызметтерді 3 шағын аудан, 6 үй, н.п. 1 мекенжайы бойынша орналасқан Лисаков қалалық аумақтық инспекциясына алуға болады.

Лисаков қалалық аумақтық инспекциясының ғимаратында көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолжетімді жерде ақпараттық стендте «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР заңдары, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі стандарттар мен регламенттер орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерін, бекітілген стандарттар мен регламенттерді басшылыққа аламыз, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін қатаң сақтаймыз, сондай-ақ мелекеттік қызметтерді көрсету сапасын үнемі жақсартамыз.

 

 

 

                                                                                «ҚР АШМ ВБ және ҚК

                                                                                 Лисаков қалалық аумақтық

                                                                                 инспекциясы» ММ