Құрметті Лисаков қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Лисаков қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің көпұлтты халқымызды бейнелейтін бұл тамаша көктем мерекесі, әрбір қазақстандық үшін қымбат. Бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан барлық этностардың бірлігі, келісімі мен өзара түсіністігінің арқасында біз тәуелсіздігімізді нығайтып, әлемдік танымалдылыққа ие болып, әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік.
Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде біздің егемендігіміздің Мәңгілік үштігі - біздің ұлан-байтақ жеріміз, ана сүтімен сіңген тіліміз және барлық қиындықтарды жеңуге көмектесетін – бірлігіміз. Біз осы үш құндылықты көздің қарашығындай сақтаймыз.
Бүгінгі біздің ортақ міндетіміз – ұлтаралық және дінаралық бірлікті сақтауға ісіне өз үлесін қоса отырып, адал еңбек етіп, нық сеніммен алға қарай қадам басу. Бір мақсатпен біріккен Қазақстан халқы бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді.
Әсіресе ұйымшылдық рухы бүгінде, әлемді жайлаған пандемиямен күресіп жатқан күндерде сезіледі.
Күш-жігерімізді біріктіре отырып, біз қаламыздың одан әрі табысты дамуы, ойластырылған жоспарларды іске асыру және қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін барлық жағдайды жасай аламыз.

Құрметті қала тұрғындары!

Осы атаулы күні Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, табыс және көктемгі көңіл-күй тілейміз! Әрбір үйде шаттық пен молшылық, бақыт пен амандық, ал жүректеріңіз жылулық пен қуанышқа, жақсылық пен өзара түсіністікке толсын!
Достық, бейбітшілік пен келісім нығая берсін!

 

Лисаков қаласының әкімі  А. Исмағұлов                                                              Лисаков қалалық мәслихатының хатшысы
 С. Шалдыбаева