2021 жылғы 05 сәуірде Қостанай облысында COVID-19-ға қарсы 1136 адам егілді, оның ішінде 1 компонентпен -666, 2 компонентпен -470.
Халықты иммундау кезеңі басталғаннан бері барлығы 11393 адам вакцинацияланды, оның ішінде 1 компонентпен -7890, 2 компонентпен-3503.
Иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер жағдайлары тіркелген жоқ.
Облысқа барлығы 19200 доза вакцина келіп түсті, оның ішінде 1 компоненттің дозалары-12000, 2 компоненттің дозалары-7200
Халықтың барлық санаттарын иммундау үшін «Гам-Ковид-Вак» вакцинасы қолданылады.