Лисаков қаласында әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты келісімге қол қою

Лисаков қаласында әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты келісімге қол қою

2021 жылғы 05 сәуірде Лисаков қаласының әкімі А.Е. Исмагуловтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Отырысқа қаланың 8 кәсіподақ бірлестіктерінің көшбасшылары, ірі жүйе құраушы компаниялардың жұмыс берушілерінің өкілдері қатысты. Отырыс барысында тараптар ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар мәселелерді, оның ішінде: қалалық үшжақты комиссия отырыстарының жоспары; әлеуметтік әріптестікті іске асырудың өңірлік моделі; өңірдегі еңбек қатынастарының жай-күйі туралы; қала кәсіпорындарындағы жағдай және өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған өткізілетін іс-шаралар туралы қарады. Қала үшін маңызды оқиға қала әкімдігі, қала кәсіподақтары төрағаларының Үйлестіру кеңесі және "Лисаков қаласының жеке кәсіпкерлерінің "Бірлік" Одағы  қоғамдық бірлестігі арасында 2021-2023 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі келісімге қол қою болып табылады.

Тараптар әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын дамыту бойынша бірлескен жұмыстар жүргізуге бағытталған бірлескен күш-жігер жұмсауға міндеттенді.