Алексей Цой КВИ ауруының өршу шыңы қашан болуы мүмкін екенін айтты

Алексей Цой КВИ ауруының өршу шыңы қашан болуы мүмкін екенін айтты

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың 2021 жылдың соңына дейінгі болжамын болжап айтты  - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

-Індеттің өршу шыңы  (коронавирус үшін) осы жылдың наурыз айының соңында болуы мүмкін. Оптимистік  көзқарастағы сценарий бойынша тәулігіне 3 мың жағдай тіркеледі деп күтіліп, керует қорының  максималды сыйымдылығы 24 мың керуетке жетуі мүмкін. Соған қарамастан, бұл сценариде қатаң карантиндік шаралар енгізу жоспарланбаған, - деді Цой. - Реалистік және пессимистік сценарийлер бойынша жаңадан індетке шалдыққан жандарды тіркеу  саны  6 және 9 мыңға жетуі мүмкін.

Керует  қорының қамтылуы  45 мың  керуетке  дейін болады. Яғни, КВИ  ауыратын науқастарға арналған 52 мың  керуеттен аспауы керек. Бірақ  бұл жағдай  денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс жүктеме  жүктемеу үшін,  қатаң карантиндік шаралар қолдану қажеттілігіне әкеледі, деп қосты ол.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы вакцина егудің бірінші кезеңінде 2 миллион адамға  оң әсерін тигізетінін атап өтті: «Біздің есептеулеріміз бойынша, 2 миллион адамға  егілген вакцина  аурудың санын 40 мыңға азайтуға мүмкіндік береді. Вакцина қаншалықты көп  егілсе, коронавирустық инфекциядан аурушаңдық пен өлім-жітім неғұрлым төмен болып, локданудар мен   шектеулі шаралар қабылданбайтын   өмірге оралу жеңіл болады»  деді ол. 

«Індеттен аман қалудың жалғыз балама амалы - өзін-өзі оқшаулау мен вакцинаға егілу», - деп қорытындылады Цой.

Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер соңғы айда  елімізде  коронавирусқа  қатысты жағдайдың нашарлағанын мәлімдеді.

Жарияланған күні