Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 13 қаңтарда Қостанай облысында COVID-19-дың 74 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,9 % құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 34 адам, Рудный қ. - 17, Лисаковск қ. -8, Жітіқара қ. – 6, Қостанай, Денисов және Меңдіқара аудандарында 3 адамнан.
61 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 12 адам

коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 адам стационарға жатар алдында эпидқадағалау мақсатында

тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 53 адамда ауру белгілері болды, 21 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 13 қаңтар аралығында COVID-19-дың 8379 жағдайы тіркелді. Емделіп шыққан адамдардың саны – 7535.