Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 12 қаңтарда Қостанай облысында COVID-19-дың 75 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,9 % құрады.

Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 35 адам, Рудный қ. - 14, Қостанай

ауданында - 7, Жітіқара қ – 5, Арқалық қ., Денисов ауданында және Майлина атындағы ауданында 3 адамнан, Лисаковск қ., Алтынсарин ауданында 2 адамнан, Қамысты ауданында 1 адам.

65 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 9 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 адам стационарға жатар алдында эпидқадағалау мақсатында тексерілді.

Індет жұқтырғандардың ішінде 57 адамда ауру белгілері болды, 18 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 12 қаңтар аралығында COVID-19-дың  8305  жағдайы  тіркелді.  Емделіп шыққан адамдардың саны – 7459.